Осымен бұрын «ЭкспоКредит Банкі» Акционерлік қоғамы деп аталған «First Heartland Bank» Акционерлік қоғамы (әрі қарай - «Банк») 2018 жылғы 8 қаңтардан бастап Банк атауының өзгерілуі туралы хабарлайды. «First Heartland Bank» Акционерлік қоғамы «ЭкспоКредит Банкі» Акционерлік қоғамының барлық құқықтары мен міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқоры болып табылады.
Банк атауының өзгерілуіне байланысты Сіздерді төмендегі ақпаратты еске алуларыңызды сұраймыз:
- Банктің жаңа атауы: «First Heartland Bank» АҚ; Банктің қысқартылған атауы: «FHB» АҚ. Заңды мекенжайы: Алматы қ., Қажымұқан көш., 45;
- өздеріңіздің шарттар бойынша серіктестеріңізге қызмет көрсетуші Банкт атауының өзгеруі жайлы ақпаратты хабарлауларыңызды және шоттарды(инвойстарды) ұсынған, Сіздердің пайдаларыңызға төлемдерді жасаған кезде, Банктің жаңа атауын пайдалану қажеттілігін көрсетулеріңізді сұраймыз;
- Төлемдерді Сіздердің шоттарыңыздан жасаған кезде, Банктің жаңа атауын пайдалануды сұраймыз;
- Банктің заңды мекенжайы мен банк деректемелері өзгеріссіз қалады;
- сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға байланысты жаңа шарттарды жасаған кезде, Банктің жаңа атауын көрсету қажет;
- Банк банктік қызмет көрсету шарттарына қосымша келісімдерді жасауды жоспарламайды, бұл ретте, егер осындай қосымша келісімдерді жасау шарттардың талаптарымен ескерілетін болса, бұл туралы Сіздердің шот менеджеріңізге хабарлау қажет;
- Банк атауының өзгеруі туралы ақпарат Сіздерге банк шоты бойынша Үзінді көшірмеге қосылу арқылы қосымша ұсынылатын болады.
Банктің SWIFT коды (ABNAKZKX), сондай-ақ шетел валютасындағы төлемдерге арналған корреспондент банктердің деректемелері бұрынғыдай болып қалады. Қызметкерлердің телефон мен факс нөмірлері де өзгеріссіз қалады.
Банк жақын арада Банктің ақпараттық жүйелеріне өзгерістерді енгізу бойынша барлық жұмыстарды жүргізетін болады. Банктің жаңа веб-сайтына қолжетімділік fhb.kz.
сілтемесі арқылы алуға болады. Интернет-банкинг сайтына сілтеменің өзгеруі туралы хабарламаны алғанға дейін клиенттерге online.expocredit.kz. мекенжайын пайдалану қажет.
Сонымен қатар, Банк атауының өзгерісі Банк қызметкерлерінің электрондық пошта мекенжайларының @expocredit.kz-тен @fhb.kz-ға өзгертілетініне әкеліп соқтыратынын хабарлаймыз. Осы өзгерістер Банк қызметкерлерінің жеке пошталық мекенжайларына да, келесі басқармалардың жалпы пошталық мекенжайларына да қатысты болады: Валюталық бақылау басқармасы (), Қазынашылық ([email protected]). Банктің @fhb.kz электрондық пошталық мекенжайлары пошта алу үшін 2018 жылдың 11 қаңтарынан бастап қолжетімді.
Төлем құжаттарын толтырған кезде және Банк қызметкерлерінің электрондық мекенжайларын жазған кезде зейінді болуларыңызды сұраймыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сіздер Алматы қ: +7727244 0177, +7727244 0183, +7727244 0184 телефондары бойынша клиенттермен жұмыс жасау жөніндегі менеджерлеріне/шот менеджерлерімен байланыса аласыздар.