Бастапқы бет/Банк туралы/Негізгі ақпарат

Негізгі ақпарат

АО «First Heartland Bank» предлагает корпоративным клиентам продукты высочайшего класса, прекрасное знание рынков и различных отраслей промышленности.

Бұған дейін «ABN Amro Банк Қазақстан» ЕАБ» АҚ және «RBS (Kazakhstan)» ЕБ» АҚ деп аталған «First Heartland Bank» акционерлік қоғамы Қазақстан нарығында 1994 жылдан бері қызмет етуде.

Банк құрылған күннен бастап банк секторының сенімді әрі кәсіби серіктесі, өнім инновациялары және сервис сапасы салаларында көшбасшы беделіне ие болды. Банк Қазақстанда Алматы, Астана және Атырау қалаларындағы 3 филиалмен ұсынылған.

«First Heartland Bank» АҚ қызметінің басым бағыты болып корпоративтік клиенттерге және жеке тұлғаларға кешенді қызмет көрсету табылады. Банк бизнесінің сенімді әрі тұрақты үлгісі, нарықтарды және өнеркәсіптің түрлі салаларын білу FHB-ге өз клиенттеріне банк қызметтерінің кең таңдалымын және сервистің жылдам, сапалы және жоғары білікті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дәстүрлі банк өнімдеріне қосымша, First Heartland Group құрамына кіретін компаниялар брокерлік қызмет көрсету, пайлық инвестициялық қорлар, активтерді сенімгерлікпен басқару және инвестициялық ақыл-кеңес беру секілді инвестициялық өнімдерінің кең ауқымын ұсынады.

Банк Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (KDIF) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы және Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мүшесі болып табылады.


МИССИЯ

Біздің клиенттердің қаржылық активтерін сақтау және көбейту.


НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАР

Өз жұмысымызда біз келесі қағидаларды қағидаларды ұстанамыз:

  • қаржылай тұрақтылық және қисынды тәуекел профилі - сақтанымпаздық инвестициялық саясат және активтерді басқарумен кірістілік деңгейін сақтау;
  • инновациялар – үдерістерді жеңілдететін және клиенттерге қызмет көрсету сапасын жоғарылататын алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану;
  • басқарудың жоғары стандарттары – ашық түрде басқару және барлық деңгейлерде әлемдік корпоративтік басқару стандарттарын енгізу;
  • клиентке бағдарланушылық – барлық клиенттер үшін сервистің жоғары деңгейі.
Біздің құндылықтарымыз
Адалдық, Сенімділік, Тұрақты даму, Инновациялылық және Сапа – компанияның ұжымы өз қызметінде тап осы құндылықтарды басшылыққа алады. Біз осы құндылықтарға сүйене отырып, FHB компаниясын тұрақты даму жолына бағыттай алатынымызға, ал банк клиенттерінің жоғары білікті әрі клиентке бағдарланған қызметтерге қол жеткізетіндігіне сенімдіміз.
Адалдық
Біз жетістікке қол жеткізу үшін өзіміздің, клиенттеріміздің, қызметкерлеріміз бен серіктестеріміздің алдында адал болуымыз керек екендігіне сенімдіміз. Адалдық бизнес пен қоғам дамуының негізі болып табылатын сенімді тудырады.
Сенімділік
Сенімділік – бұл клиенттің қаржы институттарынан күтетін басты үміті болып табылады және біз мұны жіті түсінеміз. FHB сенімділігі мұнда сақтанымпаздық инвестициялық саясатқа, проблемалық қарыздардың жоқтығына, сондай-ақ, сервистің жоғары қызметін қамтамасыз ететін біліктілігі жоғары қызметкерлер құрамына негізделеді.
Тұрақты даму
Біз қысқа мерзімді пайда көруге ұмтылмаймыз. Біз клиенттердің, қызметкерлердің, акционерлердің және жалпы қоғамның мүдделері үшін банктің ұзақ мерзімді, тұрақты әрі біртіндеп дамуын құп көреміз. Біз әлеуметтік және экологиялық бағдарланған жобаларды қолдап,  жүзеге асыру арқылы тұрақты дамудың басты өлшемдерін басшылыққа аламыз.
Инновациялылық
Біз бір орында тоқтап қалуды қаламаймыз. Біз нарықтың барлық сын-тегеуріндеріне жауап қайтаруға тырысудамыз, бірегей және пайдалы шешімдерді құрап, клиенттерге ұсыну мақсатында халықаралық тәжірибе және инновацияларды зерттеудеміз.
Сапа
Біз үздік болғымыз келеді. Сондықтан біз біздің жұмысымыздың әр аспектісі жоғары сапа мен кәсіпқойлықтың эталоны болғанына ұмтылудамыз. Мұндай талпыныс қызметкерлердің өз жұмысының тиімділігін арттыруына, сондай-ақ бизнес-үдерістерді оңтайландырып, жаңа идеяларды ойластыруына және инновацияларды енгізуіне ынталандырады. Осының арқасында клиент үздік қызметтер мен сапалы өнімдерге қол жеткізеді.
Тарих

Банк 1994 жылы құрылып, Қазақстанда шетелдік қатысуы бар алғашқы банк болып танылды. 2008 жылға дейін ол ABN AMRO ғаламдық банктер желісінің бөлігі болған. Акционер ауысқаннан кейін ол RBS халықаралық тобының құрамына кірді.

2015 жылы RBS өзінің Қазақстанды қоса алғанда 25 елден шығып кетуі туралы жариялады. 

2017 жылы қарашада Банк құрамында First Heartland Securities брокерлік компаниясы және First Heartland Capital активтерді басқару бойынша компаниясы да кіретін Pioneer Capital Invest инвестициялық холдингтік компаниясының бөлігі болып танылды.