23 тамызда Астанада First Heartland Bank (FHB) клиенттеріне арналған тренинг өткізілді. Іс-шарада банк қызметкерлері FHB банк өнімдері мен сервистерімен жұмысының егжей-тегжейін айтып берді.
Жалпы алғанда, тренингке шамамен 100 адам қатысты.
Іс-шараны First Heartland Bank басқарма төрағасының орынбасары Толғанай Ботақанова ашты. Ол Банк командасын клиенттерге таныстырып, іске асырылған жобалар және ең жақын болашақта нені енгізуді жоспарланатыны жайлы әңгімелеп берді.
Біз үшін клиентке бағдарланушылық жәй ғана сөз емес. Біз біздің клиентеріміздің тілектеріне құлақ асамыз және олардың ұсыныстарын мүмкіндігінше ескеруге тырысамыз – деп баяндады Ботақанова ханым.
Сонан соң FHB үдерістер менеджері Игорь Жиздюков интернет-банкингтің жұмысын көрсетіп берді. Одан кейін валюталық бақылау бойынша сарапшы Анар Жакупова таныстыру рәсімімен сөз сөйледі. Екі спикер де өздерінің тақырыптарының бетін жан-жақты ашып берді және аудиториядан түскен барлық сұрақтарға жауап берді.
Біз үшін FHB «адамгершілікті банк» болғаны, және біздің клиенттеріміз олар жұмыс істейтін тұлғаларды жеке білгендері маңызды. Осындай тәсілдеме тығызырақ өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуге және қызметтер сапасы мен сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді – деп қорытындылады Толғанай Ботақанова.