Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 73-жылдығының құрметіне банк Қазақстан Ардагерлер кеңесінің қамқорлықтағы тұлғалары үшін 100 азық-түлік жиынтығын сатып алды.
FHB қызметкерлері бір апта бойы азық-түлік жиынтықтарын апарып, оларды ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне және ауқатсыз зейнеткерлерге қолма-қол тапсырды.
Қызметкерлер банктің осы бастамасының арқасында олардың ардагерлерге сыйлықтарды тапсыру және оларды жеке құттықтап, біз үшін олар жасаған ерліктері үшін алғыс айту мүмкіндігі пайда болғанын атап көрсетті.
Осы шараның бөлігі болу мен үшін зор құрмет. Ұрпақтардың мирасқорлығын қамтамасыз еткендермен сөйлесу өте үлкен сәттілік, - дейді Гамаль Михалев, FHB атқарушы директоры. Өкінішке орай, жыл сайын ардагерлердің саны азайып барады, сондықтан біз олардың ерліктерін ұмытпай ғана қоймай, ол туралы біздің балаларымызға да айтып отыруымыз керек, - дейді Михалев.
Өз кезегінде, FHB басқарма төрағасы Евгений Пан ардагерлерге көмек көрсету және оларды қолдау банктің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі шеңберіндегі басым бағыттардың бірі болып табылатынын атап көрсетті.
Бұл күні біз осы қайғылы оқиғаларды бастарынан кешкендердің барлығын еске аламыз. Әр қазақстандық жанұяда дерлік жауынгерлік әрекеттерге қатысқан немесе тылда еңбек еткен тұлғалар бар, сондықтан біз соншалық борышты болған адамдарға қамқорлық жасамай қоймадық - дейді Евгений Пан. FHB атынан ардагерлерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын! Біз осы жеңіске қол жеткізген бағаны әрдайым есте сақтайтын боламыз, - деп қосты ол.
Ұлы Жеңіс Күні құтты болсын!